ҰХЛ: “Флорида” финалдық серияда тарихи жеңіске қол жеткізді

ҰХЛ: “Флорида” финалдық серияда тарихи жеңіске қол жеткізді
Хоккей

Sport24.ru

Стэнли Кубогы финалының үшінші матчында “Флорида Пантерз” овертаймда “Вегас Голден Найтсты” жеңіп, сериядағы есеп айырмашылығын қысқартты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшімі. 

“Флорида Пантерз” - “Вегас Голден Найтс” - 3:2 ОТ (1:1, 0:1, 1:0, 1:0) 

1:0 - 04:08 - Монтур (Ткачук, Стаал) 

1:1 - 16:03 - Стоун (Маршессо, Теодор) СБШ 

1:2 - 34:59 - Маршессо (Айкел, Стоун) СБШ

2:2 - 57:47 - Ткачук (Верхеги, Экблад) 

3:2 - 64:27 - Верхеги (Беннетт)

Қақпашылар: Лайон - Хилл

Сериядағы есеп: “Вегас Голден Найтс” -

“Флорида Пантерз” - 2:1 (5:2, 7:2, 2:3 ОТ)

Айта кетейік, “Флорида Пантерз” биыл 1996 жылдан бері алғаш рет Стэнли Кубогы финалына шығып отыр. Осыдан 27 жыл бұрынғы финалда бұл ұжым “Колорадо Эвеланштан” серияда 0:4 есебімен жеңілген. Сондықтан, “Флорида Пантерз” ҰХЛ плей-оффының финалы тарихындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізіп отыр.