«Номадтың» екі ойыншысы Ресей клубтарына ауысты
Хоккей
Қазақстан чемпионы атанған хоккейшілер Максим Павленко мен Артем Королев «Номад» хоккей клубынан кету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BasSport.kz.
Астананың «Номад» клубының экс-қақпашысы Максим Павленко Бүкілресейлік хоккей лигасындағы «Рязань-ВДВ» клубына ауысты. Павленко бұл маусымда бір рет «Барыс» сапында айдынға шықты.
Өскеменнің 21 жастағы тәрбиеленушісі, Қазақстан құрамасының қақпашысы әрі «Номадтың» бұрынғы ойыншысы Артём Королёв Түнгі лигада өнер көрсететін «Норильск» сапын толықтырды.
Бұған дейін «Барыс» сапынан 21 жастағы қорғаушы Данил Бутенко кеткен болатын. Ол Беларусьтің «Брест» клубына ауысты.