Эмерсон Палмьери дос Сантос футбол тарихында қалды

Эмерсон Палмьери дос Сантос футбол тарихында қалды
Футбол

Ағылшынның «Вест Хэм» клубының қорғаушысы Эмерсон Палмьери дос Сантос футбол тарихында қалды, деп хабарлайды BasSport.kz.

28 жастағы италиялық барлық үш еуропалық турнирде жеңіске жеткен алғашқы ойыншы атанды. Эмерсон Конференция лигасында топ жарды.

Мұның алдында қорғаушы «Челси» сапында 2019 жылы Еуропа лигасында жеңіске жетсе, 2021 жылы Чемпиондар лигасында жеңімпаз атанды. Сонымен қатар Эмерсон «көктер» сапында УЕФА Суперкубогын (2021) жеңіп алған. Дәл сол жылы Еуро-2021-де Италия құрамасының сапында жеңіске жетті. Осылайша Эмерсон соңғы төрт жылда УЕФА өткізетін бес турнирде жеңімпаз атанды.

Фото: ©uefa.com