Мессидің жаңа клубы желідегі парақшасына 12 минутта 1 млн адам тіркелді

Мессидің жаңа клубы желідегі парақшасына 12 минутта 1 млн адам тіркелді
Футбол

Keystone Press Agency

Лионель Месси ойыншысы атанған MLS клубы "Интер Майамидің" Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына 12 минутта 1 млн адам тіркелген, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Ал жалпы Месси трансфері туралы ресми мәлімдеме жасалғаннан бері әлі тәулік те өткен жоқ. Бірақ, "Интер Майамидің" жоғарыда аталған әлеуметтік желідегі парақшасы оқырмандарының саны аз уақытта 3 есеге артқан. 

Еске салайық, Лионель Месси америкалық клубпен төрт жылға келісімшарт жасасты. Ал өткен маусымда аргентиналық форвард "ПСЖ" сапында 41 ойынға қатысып, 21 гол және 20 нәтижелі пасты өз есебіне жазды.