Месси мұхит асты

Месси мұхит асты
Футбол

Аргентиналық футболшы Лео Месси ПСЖ клубымен келісімшарт ұзартпай, еркін агент атанды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Атақты футбол инсайдері Фабрицио Романо Лео АҚШ-қа келгенін жазды.

Лионель Месси «Интер Майамиға» ауысады. Шешім қабылданды. Аргентиналық келесі маусымда МЛС-та ойнайды, - деді Романо.

Биыл жазда 36 жасқа толатын Месси соңғы екі маусым ПСЖ сапында өнер көрсетті. Шабуылшы 58 матчта 22 гол соғып, 30 нәтижелі пас берді. Оған сонымен қатар «Әл-Хиләл» мен «Барселона» қызығушылық танытқан еді.