Адиев натурализация жасап, құрамаға қосылған футболшы жайлы айтты

Адиев натурализация жасап, құрамаға қосылған футболшы жайлы айтты
Футбол

Қазақстан азаматтығын алған, экс-ресейлік футболшы Александр Зуев туралы ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Зуевті немесе басқа футболшыны күттім деп айта алмаймын. Біз олай армандамаймыз. Онсыз да құрамамыз намысқа тырысып ойнайтын жігіттерден жасақталған. Ал Зуевке келсек, футболшы шешімді өзі қабылдады. Қазақстан азаматтығын алды. УЕФА келісімін берді. Біз бұл мүмкіндікті пайдалануға тырыстық. Ол маусымдағы ойындарға қатысады. Оқу-жаттығу жиындарында жақынырақ танысамыз. Дәл қазір Зуев бізге әр түрлі шешімдер қабылдауға қажет. Барлығын жаттығу жиындарында көреміз, - деді Адиев Sport24 порталына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Александр Зуев Қостанай облысында дүниеге келген. 2003-2005 жылдары «Тобылдың» балалар академиясында дайындықтан өткен. Кейін Ресейге көшіп, «Спартак», «Ростов», «Рубин», «Химки» клубтарында ойнады. Қазіргі кезде Самараның «Крылья Советов» клубының футболшысы.