Жанқош Тұраров чемпиондық атағын қорғауы мүмкін

Бокс
Қазақстандық Жанқош Тұраров (27-0, 20 KO) бірінші жартылай орта салмақта неміс боксшысы Тимо Шварцкопфпен (22-5, 13 КО) IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салуы мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz.
Инсайдердің айтуынша, германиялық боксшы биыл атақ алуға бел буған. Ал жекпе-жекті өз отанында өткізбек.
Тұраров чемпиондық атаққа мексикалық Алехандро Менесеспен (16-6, 9 KO) айқаста қол жеткізді. Көктемде Алматыда өткен жекпе-жекте ол қарсыласын нокаутқа түсірді.
Тұраров осылайша 27-рет жеңіске жетті. Ал Менесес мансабында алтыншы жеңіліске ұшырады.
Фото: ©instagram.com/zhankoshturarov