Испаниялық арбитр төрешілік мансабын аяқтады
Чемпионат.com
Испаниялық арбитр Матеу Лаос төрешілік мансабын аяқтады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
46 жастағы маман Испанияның элиталық дивизионында 15 жыл төрелік етті. Ла Лиганың 38-турынлағы “Мальорка” мен “Райо Вальекано” (3:0) арасындағы ойын оның мансабындағы ең соңғы матч болып, командалар футболшылары кездесуден кейін төрешіге құрмет көрсеткен.
Антонио Матеу Лаос мансабында әлем чемпионатының бес матчында төреші болған. Ал 2022 жылғы әлем біріншілігінде Нилерланд пен Аргентина арасындағы (2:2, 3:4 пен.) ойын оның мансабындағы ең даулы матчтардың бірі болған. Ойынның негізі және қосымша уақыттарында испаниялық маман 12 сары қағаз көрсеткен. Осы матчтан кейін әлем Халықаралық футбол федкрациясы төрешілер комитетінің басшысы Пьерлуиджи Коллина испаниялық маманның басқа ойындарда қызмет етуіне шектеу қойды.