“Ролан Гаррос” турнирінде 2020 жылдан бері алғаш рет ең ұзақ матч өтті

“Ролан Гаррос” турнирінде 2020 жылдан бері алғаш рет ең ұзақ матч өтті
Теннис

Әлемнің тоғызыншы ракеткасы италиялық Янник Синнердің неміс спортшыаы Даниэль Альтмайермен “Ролан Гаррос” турнирі екінші айналымы аясында өткізген ойыны 5 сағаттан астам уақытқа созылды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

2020 жылдан бері Париждегі бәсекеде бұлай ұзаққа созылған ойын болмаған. 5 сағат 26 минутқа созылған матчта Даниэль Альтмайер 21 жастағы италиялық теннисшіні 6:7 (0:7), 7:6 (9:7), 1:6, 7:6 (7:4), 7:5 есебімен жеңіске жетті. 

2020 жылы Лоренцо Джустино мен Корентен Муте осы “Ролан Гарроста” 6 сағат 5 минут бойы ойнаған.