Дмитрий Гренц “Арланда” қалатын болды
Хоккей
Сурет: Ольга Бугаева
Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дмитрий Гренц мансабын “Арланда” жалғастыратын болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Форвардтың көкшетаулық клубпен жасасқан келісімшарты бір жылға есептелген.
26 жастағы хоккейші өткен маусымның біраз бөлігін мәскеулік “Звезда” сапында өткізіп, 42 ойында 21 (9+12) ұпай еншілеген. Кейін көкшетаулық клуб құрамына ауысып, 9 ойында 6 (3+3) ұпайды өз есебіне жазды.
Сонымен қатар, Дмитрий Гренц Ригадағы әлем чемпионатында бес ойынға қатысты.