Лорияның әкесі ашушаң, ойыншыларды телефонмен хабарласып ауыстырады – ресейлік футболшы

Лорияның әкесі ашушаң, ойыншыларды телефонмен хабарласып ауыстырады – ресейлік футболшы
Футбол

Ресейлік футболшы Никита Безлихитонов 2020 COVID індеті кезінде Қазақстанның «Қызыл-Жар» командасында ойнаған. Ол клубтың директоры Григорий Лорияның ашуға тез берілетінін, командадан не үшін кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Bassport.kz.

«Армавир» клубынан кеткен соң, агентім Қазақстаннан ұсыныс барын айттым. Жарты жыл көремін, сосын әрі қарай байқастаймын деп ойладым. Тура сол сәтте шекара жабылып қалды. Медицина маманы немесе жұмысшы адам болсаң ғана өткізеді. Сосын зауыттың инжнерімін деп айтуымды сұрады. Құжаттарды оқып, дайындалдым. Мәскеуден Омбыға дейін ұшақпен келдім. Ал шекараға көлікпен, бекеттен 3 шақырым жаяу жүріп өтуге тура келді, - дейді футболшы Sports.ru-ға берген сұхбатында.

Ол Петропавлдағы қонақ үй туралы ренішін айтқан. Бұрын жезөкшелер үйі болған деп отыр. Сосын клуб басшылығы жалақы уақытында, ешқандай кешігу болмайды деген. Ал ресейлік футболшылар үш айдан бері жалақы алмай жүрміз депті.

Сыйақыны президент өзі шешеді. Айтпақшы, алғашқы айда маған төлемеді. Сол жылы Қазақстан чемпионаты жазда Алматыда өтті. Маған клубтың қарым-қатынасы ұнаған жоқ. Бір айдан кейін кетіп қалдым. Клуб директоры грузин (Григорий Лория – футболшы Давид Лорияның әкесі – тілші) ашуға тез ерік беретін эмоциясы басым адам. Киім ауыстыратын бөлмеде көп айғайлайды. Матчтың алдында егер жеңіске жетпесек, мүлдем ештеңе төлмейтінін айтады. Матч кезінде трибунада отырады. Ойын барысында бас бапкерге телефон шалып, кімді ауыстыру керектігін айтады. Циркітің нағыз өзі, -дейді Никита Безлихитонов.