Күрес: Азия чемпионатының фавориті кім?

Күрес: Азия чемпионатының фавориті кім?
Күрес

9 сәуір күні Астана қаласында күрес түрлерінен кезекті Азия чемпионаты басталады. Еліміз алғаш рет Азия чемпионатын қабылдап жатыр ма? Палуандарымыз қалай өнер көрсеткен? Қай елдің спортшылары фаворит? Міне, осындай сұрақтарға Bassport.kz сайты жауап іздеп көрді. 

 АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ НЕГЕ АСТАНАДА ӨТЕДІ? 

 Күрес түрлерінен Азия чемпионаты Үндістанда өтеді деп жоспарланған еді. Алайда Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Баджранг Пуния, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Рави Кумар Дахия, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Сакши Малик пен басқа спортшылар Үндістанның күрес федерациясының президентін айыптап, отставкаға кетуін сұрады. Осы жайсыз оқиға Азия чемпионатын өзге елге ауыстыруға мәжбүрледі. Бахрейн негізгі кандидаттардың бірі болғанымен, ақпан айының соңында Азия чемпионаты Қазақстанда өтетіні белгілі болды.

 ҚАЗАҚСТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫН АЛҒАШ РЕТ ӨТКІЗЕ МЕ? 

 Қазақстан өз тарихында 5-рет Азия чемпионатын өткізу құқығына ие болды. Ал рекорд 8 мәрте өткізген Үндістанға тиесілі. 2004 жыл. Алматы қаласы. 2004 жылы грек-рим, еркін күрес, қыздар күресінен Азия чемпионаты алғаш рет 3 мемлекетте өтті. Соның ішінде Алматы қаласына грек-рим күресі бұйырды. Нәтижесінде 7 салмақта сынға түскен палуандарымыз 3 алтын, 3 күміс иеленген еді.

1-орын: 55 келі. Әсет Иманбаев.

84 келі. Абдулла Жабраилов

120 келі. Георгий Цурцумия

Екінші рет Азия чемпионаты Алматы қаласында өтіп, жалпы есепте Қазақстан құрамасы топ жарды. Қазақстан құрамасы 6 алтын, 2 күміс, 6 қола жүлде алды.

1-орын:

66 келі. Леонид Спиридоно (еркін күрес)

96 келі. Нұржан Қатаев (еркін күрес)

120 келі. Марид Муталимов (еркін күрес)

60 келі. Нұрбақыт Теңізбаев (грек-рим күресі)

96 келі. Марғұлан Әсембеков (грек-рим күресі) Георгий Цурцумия (грек-рим күресі) 2014 жыл. 3-рет Азия чемпионаты Астана қаласында өтті.

Қазақстан құрамасы 5 алтын, 2 күміс, 7 қола алып, жалпы есепте Ираннан кейін 2-орынға орналасты.

1-орын:

57 келі. Расул Қалиев (еркін күрес)

85 келі. Нұрсұлтан Тұрсынов (грек-рим күресі)

98 келі. Ерұлан Ысқақов (грек-рим күресі) 48 келі. Татьяна Аманжол

75 келі. Гюзель Манюрова

2021 жыл. 4-рет Азия чемпионаты Алматы қаласында өтті. Қытайдағы пандемияға байланысты Жапония спортшылары COVID-19 анықталған пациентпен қарым-қатынаста болғаны үшін қатыса алмады.

Қазақстан құрамасы 7 алтын, 6 күміс, 4 қола алды. Иран құрамасына да 7 алтын бұйырды. Бірақ жүлде сапасына орай Қазақстан жалпы есепте 1-орын алды.

1-орын: 70 келі. Талғат Сырбаз (еркін күрес) 74 келі. Нұрқожа Қайпанов (еркін күрес)

125 келі. Олег Болтин (еркін күрес)

60 келі. Айдос Сұлтанғали (грек-рим)

63 келі. Сұлтан Әсетұлы (гре-рим)

50 келі. Валентина Исламова

76 келі. Эльмира Сыздықова

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЛАЙ ӨНЕР КӨРСЕТКЕНБІЗ?

Ең алғашқы Азия чемпионатымыз ( еркін күрес) 1993 жылы Моңғолия жерінен басталып, 90 келідегі Ислам Байрамуков күміс жүлде мен 100 келідегі Сергей Непомнящий қола жүлде алған еді. Былтыр 53 келідегі Жұлдыз Ешімова Азия чемпионатында 8-мәрте (1 алтын, 4 күміс, 2 қола) жүлде алып, рекорд жаңартқан! Бұған дейін Азия чемпионатында 7 жүлдені Марид Муталимов (еркін күрес), Дәулет Ниязбеков (еркін күрес) пен Марғұлан Асембеков (грек-рим) алған еді. 

 БҰҒАН ДЕЙІНГІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТТАРЫНДАҒЫ КӨРСЕТКІШТЕРІМІЗ:

1993 жыл: 1 алтын, 3 күміс, 3 қола

1995 жыл: 5 алтын, 1 күміс, 3 қола

1996 жыл: 4 алтын, 2күміс, 3 қола

1997 жыл: 2 алтын, 2 күміс, 2 қола

1999 жыл: 3 алтын, 3 күміс, 2 қола

2000 жыл: 2 алтын, 2 күміс

2001 жыл: 1 күміс, 1 қола

2003 жыл: 4 алтын, 5 қола

2004 жыл: 3 алтын, 3 күміс, 1 қола

2005 жыл: 3 алтын, 2 күміс, 4 қола

2006 жыл: 6 алтын, 2 күміс, 6 қола

2007 жыл: 1 алтын, 7 күміс, 4 қола

2008 жыл: 6 күміс, 6 қола

2009 жыл: 3 алтын, 5 күміс, 5 қола 2010 жыл: 2 алтын, 4 күміс, 5 қола

2011 жыл: 3 алтын, 1 күміс, 5 қола

2012 жыл: 3 алтын, 3 күміс, 7 қола 2013 жыл: 2 алтын, 1 күміс, 4 қола

2014 жыл: 5 алтын, 2 күміс, 7 қола 2015 жыл: 2 алтын, 2 күміс, 8 қола

2016 жыл: 2 алтын, 7 күміс, 8 қола

2017 жыл: 2 алтын, 5 күміс, 6 қола

2018 жыл: 4 алтын, 3 күміся, 10 қола

2019 жыл: 5 алтын, 5 күміс, 6 қола 2020 жыл: 5 алтын, 2 күміс, 12 қола

2021 жыл: 7 алтын, 6 күміс, 4 қола

2022 жыл: 5 алтын, 8 күміс, 8 қола

БИЫЛҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА КІМДЕР ҚАТЫСАДЫ?

Қазақстан барлық күрес түрлерінен және салмақ санаттарында бақ сынайды. 

 Еркін күрес:

57 келі (13 спортшы жүлдеге таласады). Рахат Қалжан

Бұл салмақта айқын фаворит жоқ. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алиреза Сарлак (Иран), Қырғызстан, Қытай, Үндістанның спортшылары да бір-бірінен қатты ерекшеленбейді.

61 келі (13 спортшы жүлдеге таласады).

Нұрболат Абдуалиев

Бұл салмақ Олимпиадаға кірмейді. Бұл салмақта 23 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионы Тайырбек Жумашбек Уулу фаворит саналады. Бірақ бұл салмақта да кез-келген спотшы топ жаруы мүмкін.

65 келі (15 спортшы жүлдеге таласады).

Мұхтар Санжар

Бұл салмақта жасөспірімдер арасындағы 2 дүркін әлем чемпионы Рахман Муса Амоузадхалили (Иран) басты фаворит. Оған Ресейден Тәжікстанға ауысқан Абдулмажид Кудиев пен қарсылық танытуы мүмкін. Бұл спортшы әлемдік бәсекеде жүлде алмаса да, Дағыстанның тумасы болғандықтан, алысқа шабуы керек. Әлем чемпионатының қола жүлдегері Тумур-Очир Тульга (Моңғолия) да жүлдеге таласады.

70 келі (16 спортшы жүлдеге таласады).

Санжар Досжанов Мортеза Гиаси (Иран), Санжар Досжанов (Қазақстан), Орозбек Токмамбетов (Қырғызстан) осы 3 спортшы бас жүлдеге таласады.

74 келі (16 спортшы жүлдеге таласады).

Дархан Есенғали

Бұл салмақта аса қатты фаворит жоқ. Көптеген спортшылардың бас жүлдеге таласу мүмкіндігі бар. Ресейден Тәжікстанға ауысқан Магомед Евлоевтің деңгейін байқайтын боламыз.

79 келі (12 спортшы жүлдеге таласады).

Болат Сақаев

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Бекзод Абдурахманов, Болат Сақаев (Қазақстан), Иранның 3-нөмірлі палуаны Амирхоссейн Кавоуси (Иран) үшеуі өзара бас жүлдеге таласады.

86 келі (14 спортшы жүлдеге таласады).

Азамат Дәулетбеков Бұл салмақта 3 дүркін Азия чемпионы, 3 мәрте әлем чемпионатының жүлдесін алған Алиреза Каримге (Иран) әлем чемпионатының қола жүлдегері, отандасымыз Азамат Дәулетбеков пен Бобур Исломов (Өзбекстан) қарсылық танытып көрмек.

92 келі (12 спортшы жүлдеге таласады).

Ризабек Айтмұхан Ядоллах Мохаммадказем (Иран) Дағыстанның тумасы Магомед Шарипов (Бахрейн), Ризабек Айтмұхан (Қазақстан) осы 3 спортшы мықтылардың қатарында тұр. Барлығы жеребенің түскеніне байланысты болмақ.

97 келі (11 спортшы жүлдеге таласады).

Бекзат Үркімбай

Бұл салмақта әлем чемпионатының қола жүлдегері Моджтаба Голейдж (Иран) айқын фаворит. Улзиисайхан Баасанцогт (Моңғолия) мен 86 келіде әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дипак (Үндістан) да жүлдеге таласады.

125 келі (11 спортшы жүлдеге таласады).

Юсуп Батырмұрзаев

Әлем чемпионатының 2 дүркін жүлдегері Лхагвагэрэл Мунхтур (Моңғолия), жастар арасында қарсылас шыдатпаған Амир Реза Масуми (Иран), Юсуп Батырмұрзаев (Қазақстан) осы үшеуі чемпиондық атаққа таласады.

Грек-рим күресі (ақпарат Анық Көкенайұлының парақшасынан алынды)

55 келі (10 спортшы жүлдеге таласады).

Аманғали Бекболатов.

Осы салмақтағы фавориттер:

2022 жылғы жастар арасындағы U23 Азия чемпионы, 2022 жылғы ересектер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері, Әлем кубогінің жеңімпазы Иран балуаны Поуя Дедмарз;

2022 жылғы жастар арасындағы U23 әлем чемпионатының қола жүлдегері жапон балуаны Тайга Ониши;

2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, халықаралық турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері Аманғали Бекболатов;

2022 жылғы жастар арасындағы U23 Азия чемпионы, халықаралық турнирлердің жүлдегері өзбек балуаны Ыхтиёр Ботыров

60 келі (11 спортшы жүлдеге таласады).

Ернұр Фидахметов

63 келі (9 спортшы жүлдеге таласады).

Мұхамедәли Мамырбек

Осы салмақтағы фавориттер:

Әлем және Азия чемпионы, әлем кубогінің жеңімпазы қырғыз балуаны Жоламан Шаршенбеков;

2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, халықаралық турнирлердің жеңімпазы Иран балуаны Мехди Мохсен Нежад;

Халықаралық турнирлердің жүлдегері, 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Ернұр Фидахметов

67 келі (11 спортшы жүлдеге таласады).

Алмат Кебіспаев

Осы салмақтағы фавориттер: Әлем чемпионатының 5 дүркін жүлдегері, 2 дүркін Азия чемпионы Алмат Кебісбаев;

2022 жылғы жастар арасындағы U23 әлем чемпионатының қола жүлдегері жапон балуаны Киотаро Согабе; Халықаралық турнирлердің жүлдегері Ирандық Реза Махди Аббаси; Халықаралық турнирлердің жүлдегері қырғыз балуаны Раззак Бейсекеев;

2022 жылғы жастар арасындағы U23 Азия чемпионы, Болат Тұрлыханов атындағы турнирдің жеңімпазы өзбек балуаны Аброр Атабаев Екі дүркін әлем чемпионы, 4 дүркін Азия чемпионы, 2 дүркін Азия ойындарының жеңімпазы Хансу Рю

72 келі (13 спортшы жүлдеге таласады).

Ибрагим Магомедов

Осы салмақтағы фавориттер: Халықаралық турнирлердің жүлдегері Иран балуаны Сажжад Али Именталабфоума;

Ибрагим Магомедов (Қазақстан);

2022 жылғы жастар арасындағы U23 Азия чемпионы, 2022 жылғы ересектер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері қырғыз балуаны Адилхан Нурланбеков;

Халықаралық турнирлердің жүлдегері өзбек балуаны Жамол Жумабаев


77 келі (13 спортшы жүлдеге таласады).

Демеу Жадраев

Осы салмақтағы фавориттер:

Халықаралық турнирлердің жүлдегері Амин Иавар Кавиянинежад;

2022жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері жапон балуаны Кодай Сакурава;

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері Демеу Жадыраев;

Токио олимпиадасының күміс жүлдегері, 2022жылғы әлем чемпионы 2 дүркін Азия чемпионы Акжол Махмудов;

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері Арам Варданиян

82 келі (11 спортшы жүлдеге таласады).

Диас Кален

Осы салмақтағы фавориттер:

Иран балуаны Алиреза Мохмадипиани;

2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Диас Кален;

Халықаралық турнирлердің жүлдегері, 2022 жылғы жастар арасындағы U23 Азия чемпионы қырғыз балуаны Акылбек Талантбеков;

2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері өзбек балуаны Мухаммадходир Расулов

87 келі (10 спортшы жүлдеге таласады). 

Нұрсұлтан Тұрсынов

Осы салмақтағы фавориттер:

2022 жылғы Азия чемпионы, халықаралық турнирлердің жүлдегері Наср Ализедах; 2014 жылғы Азия чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері Нұрсұлтан Тұрсынов

; 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, халықаралық турнирлердің жүлдегері қырғыз балуаны Атабек Азизбеков;

2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2021 жылғы Азия чемпионы, Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегері өзбек балуаны Жалгасбай Бердимуратов

97 келі (10 спортшы жүлдеге таласады).

Олжас Сырлыбай

Осы салмақтағы фавориттер: 2021-2022 жж. Азия чемпионы Иран балуаны Мехди Балихамзедех; Халықаралық турнирлердің жүлдегері Олжас Сырлыбай;

2019 жылғы Азия чемпионы, Азия чемпионатының 3 дүркін қола жүлдегері қырғыз балуаны Узур Жусупбеков;

130 келі (11 спортшы жүлдеге таласады). 

Әлімхан Сыздықов

Осы салмақтағы фавориттер: 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2021 жылғы жастар арасындағы U23 әлем чемпионы, 2020 жылғы Азия чемпионы Иран балуаны Амин Мирзазадзе;

2022 жылғы Азия чемпионы Әлімхан Сыздықов;

2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері, халықаралық турнирлердің жүлдегері қырғыз балуаны Роман Ким;

Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2018) Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Азия орындарының қола жүлдегері корея балуаны Ким Мин Сок

Әйелдер күресі:

Қыздар күресінде Жапония үстемдік құрып тұр. Былтыр өткен әлем чемпионатында олар 9 салмақтың бесеуінде топ жарған еді. Олардың басты бәсекелесі Қытай болады. Кей салмақтарда Айсұлуу Тыныбекова (Қырғызстан, 62 келі), Мейірім Жұманазарова (Қырғызстан, 68 келі), Айпері Медетқызы (Қырғызстан, 76 келі) бас жүлдеге таласады. Ал әлем чемпионатының 2 дүркін жүлдегері Жамила Бақбергенованың басты қарсыласы жапон қызы Сумире Ниикура атанбақ. 

50 келі (11 спортшы жүлдеге таласады). 

Эллада Махяддинова

53 келі (11 спортшы жүлдеге таласады). 

Алтын Шағаева

55 келі (9 спортшы жүлдеге таласады). Марина Седнева

57 келі (11 спортшы жүлдеге таласады). Нилуфар Раймова

59 келі (7 спортшы жүлдеге таласады).

Диана Каюмова

62 келі (11 спортшы жүлдеге таласады). Ирина Кузнецова

65 келі (8 спортшы жүлдеге таласады). Альбина Каргельдинова

68 келі (11 спортшы жүлдеге таласады). Елена Шалыгина

72 келі (8 спортшы жүлдеге таласады). Жәмила Бақбергенова

76 келі (10 спортшы жүлдеге таласады). Эльмира Сыздықова.