Мырзағали Айтжанов бокстан Қазақстан командасының бас бапкері болып тағайындалды
Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері қызметіне Мырзағали Айтжанов тағайындалды. Ал бұған дейін команданы жаттықтырған Қайрат Сәтжанов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Мырзағали Айтжанов - Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосыновтың жеке жаттықтырушысы.
Ол 2009-2018 жылдар аралығында басқарды. Ұлттық құраманың ең маңызды тарихи жетістіктері оның есімімен байланысты.
Лондондағы Олимпиада ойындарында Серік Сәпиев чемпион және Вэл Баркер кубогының иегері атанды, Рио-де-Жанейродағы ойындарда Данияр Елеусінов осы жетістікті қайталады. Команда Мырзағали Айтжановпен бірге әлем чемпионаттарында 5 алтын (2013 жылы – 4, 2017 жылы – 1 алтын медаль жеңіп алды.
Мырзағали Айтжанов – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. 1988 жылы КСРО құрамасымен жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатында жеңіске жетті.
Ал Қайрат Сәтжановтың жетекшілігімен қазақстандық боксшылар 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды, сонымен қатар 2022 жылы Амманда өткен Азия чемпионатында үздік өнер көрсетіп, екі біріншілікте де Қазақстан командалық есепте екінші орынға ие болды.