9 күнге сотаттып үйленді. Футболшының ерекше махаббаты көпшілікті таңдандырды
Бір кездері Мадридтің "Реал" командасында сәтті маусым өткізіп, болашақ жұлдыз саналған испаниялық Хесе Родригес осы күні Түркияда доп теуіп жүр. Жақында футболшы сүйіктісіне ұсыныс жасап, тағы да әке атанатынын мәлім етті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Хесе 2013 -2014 жылғы маусымда «Реалдың» жаңа жас жұлдызы болды. Бірақ көктемде Чемпиондар лигасының ширек финалында Германияның «Шальке» клубымен ойында аяғын сындырды. Осыдан кейін бұрынғы Хесені ешкім көрмеді.
Дәл осы кезде газ жарылып, үйі өртенді. Тіпті, бір уақытта үйсіз қалды. Өмірінің ең бір қиын сәттері басталды. Аяғына ота жасатқанымен, «Реалдың» негізгі құрамына ене алмады. Сосын өзіy музыкада сынап көрді. Jey M деген лақап атпен бірнеше поп әндер жазды. Сол сәтте клубта қыдырып жүріп, екі баланың әкесі атанып үлгереді. Екінші баласының туғанын Instagram-нан естіп біледі. Бұрынғы қызы Хесені белгілейді. ДНК баласы екенін растаған.
Ал «Реалдан» кеткен соң, ПСЖ командасының көзіне түсті. Парижде тележүргізуші Аура Руиспен кездесіп, үшінші ұлы дүниеге келді. ПСЖ клубына футболшы керек болмай қалғанда, оны Англияның «Сток Сити» командасына жалға берген. Бірақ қызына «Тұманды Альбионға» баратыны ұнамай қалады.
Екеуінің кикілжің басталып, Аура сотқа жүгінді. Ол футболшыдан баласына әкелік қамқорлық талап етеді. Хесе де қарап қалмады. Қарсы тараптан арыз жазып, жала жапқанын дәлелдеуге тырысады.
Сот Аураны кінәлі деп табады. Бірақ жазасы жеңілдеу болды. Тек түзеу мекемесінде тоғыз күнін өткізеді.
Ең қызығы, Хесе мен Аура сот отырысынан қол ұстасып кетіп, кездесуде барлығын таң қалдырды. Ерлі-зайыптылар Гран-Канарияға барып, шулы кеш өткізді. Желідегі фотосуреттерден кейін ПСЖ Родригеске айыппұл салды. Өйткені мұның бәрі ковид уақытында болды.
Аура екі күннен кейін үйіне оралса, жігіті Амар Росио атты басқа қызбен жабысып отырады. Бұған ерегіскен Аура бассейнді тазарту үшін таяқ алып, оларға шабуыл жасайды. Амар Росио да қарап қалмайды. Хесенің Аураны «Іш пыстырарлық», «Жынды» деп айтқандарын видеоға түсіріп, желіге салып жібереді.
Бұл қателігін түзеу үшін Хесе Аура жұмыс істейтін телешоуға тікелей эфирде қоңырау шалып, сөйлеседі. Мұны бақылап отырған ПСЖ өзінің беделіне нұқсан келтірмеу үшін Родригестен құтылу туралы шешім қабылдайды.
Бұдан кейін Хесе Испанияға қайтып барады. Төменгі дивизионда ойнайтын «Лас-Пальмас» клубына ауысады. Спорттық бабына келе бастағанда жол-көлік оқиғасының қатысушысына айналады. Оны қызы Аура қағып кеткен. Хесе ақсаңдап бара жатқанына қарамастан Руис қарамайды.
Ең қызығы, футболшы сол қызға ресми түрде ұсыныс жасады. Аура қабыл алды. Жақында тағы да ол төртінші рет әке аттанбақшы.