Шавкат Рахмонов туралы сіз білмейтін қызықтар
Instagram: @shavkatrahmonov94
Шавкат Рахмонов – Қазақстан атынан шыққан әйгілі аралас жекпе-жек шебері, UFC октагонында қазақтың айбынын асқақтатып жүрген нағыз батырлардың бірі. Оны көптеген жанкүйерлер мықты спортшы ретінде таниды, бірақ оның өмірінде көзге көрінбейтін сан алуан қызықты сәттер мен жеке әдеттері бар. Сіздің назарыңызға Шавкат туралы ТОП 7 қызықты факттер ұсынамыз.
1-факт: Өзбекстанда туып, Қазақстанда қанат қаққан талант
Шавкат 1994 жылы Өзбекстанның Шурчи қаласында дүние есігін ашқан. Кейін Қазақстанға қоныс аударып, жаңа ортада жетіліп, спорттық жолын осы елде жалғастырды. Бұл екі елдің мәдениетінен сусындағандықтан, оның бойында Орталық Азияға тән күш-қайрат пен ұлттық рух ерекше байқалады.
2-факт: Қара жұмыс пен жаттығуды қатар алып жүрген
Көп адам Шавкатты тек жекпе-жек өнерінің шебері ретінде таниды. Алайда спорттық мансабы басталғанға дейін ол қарапайым жұмыстарды атқарған. Жас кезінде жүк тасушы болып жұмыс істей жүріп, арманына жету үшін жаттығуды да тастаған жоқ. Тіпті, күнделікті ауыр жұмыстан кейін де спорт залға барып, жаттығуды жалғастыруға құлшынысы зор болды.
3- факт: Түнде далаға шығуға қорқады
Бала Шавкаттың ерекше естеліктерінің бірі – түнде далаға шығуға деген қорқынышы. Оның ағалары оны «далада жындар жүреді» деп үрейлендіріп, қалжыңдағанымен, бұл әзіл шынайы қорқынышқа айналып, санасында сақталып қалған. Сол себепті түнде сыртқа шығуға жүрексінген.
4-факт: Көшеде төбелесіп өскен бала Шавкаттың жауынгерлік мінезінің қалыптасуына оның ағалары да өз үлесін қосқан. Бала кезінде ол күн сайын дерлік өзге балалармен төбелесіп, төзімділікті үйренген. Оның ағалары оны төбелесуге жіберіп, жігіт болып жетілуіне, мықты әрі ержүрек болуына жағдай жасаған. Көптеген спортшы үшін бала кездегі осындай оқиғалар болашақта батылдықтың, қайсарлықтың негізіне айналады. Шавкаттың спорттық рухын қалыптастырған да осындай сәттер. Тіпті, күніне 2-3 рет төбелескен кездері болған.
5-факт: Күресті жек көреді
Жанкүйерлер арасында Шавкатты көбінесе «күрес шебері» деп таниды, алайда күресуге бастапқыда аса құштар болмаған. Ол октагонда бірнеше рет тейкдаунға түсіп, қарсыластарының үстемдігіне көнгенде ғана күресті жетілдіру керек екенін түсінеді. Кейіннен ол күрес техникасына айрықша назар аударып, оны дамытуды қолға алады. Қазір оның күрес өнері жетілген және әлемдік деңгейде жоғары бағаланады. Осылайша, кездейсоқ басталған қызығушылық оны болашақ жұлдызға айналдырды.
6-факт: Бала кезінде пияз бен сәбізді ұнатпайтын
Шавкат бала кезінде пияз бен сәбізді мүлдем жегісі келмейтін. Бұл әдет қарапайым болып көрінгенімен, оның талғамын көрсетеді. Қазір спортшы ретінде дұрыс тамақтануға үлкен мән бергенімен, балалық шағында осы екі көкөніске деген бейімділігі мүлде болмаған.
7-факт: Аңшылыққа деген құштарлығы Шавкаттың табиғатқа деген ерекше сүйіспеншілігі де бар. Ол аң аулағанды жақсы көріп, табиғат аясында тынығуды ұнатады. Аңшылық оған өмірден ләззат алып, ерекше тыныштық пен күш-қуат береді.
Айта кетейік, Шавкат Рахмоновтың промоушен чемпионы Белал Мухаммадпен UFC 310 турниріндегі титулдық жекпе-жегі өтпейтін болды