Қазақстандық хоккейші «Металлург» сапын толықтырды

Қазақстандық хоккейші «Металлург» сапын толықтырды
Хоккей

Магнитогорскінің «Металлург» клубы Максим Мухаметовті қатарына қосты. Бұл туралы клубтың ресми парақшасында хабарланды, деп жазады BasSport.kz.

Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Өскеменнің 24 жастағы тумасы Қазақстанның сұрмергені атанды. Форвард 7 ойын өткізіп, үш гол соқты. Словениямен өткен қорытынды матчта үшінші кезеңнің аяқталуына 3,5 минут қалғанда жеңіс голын соқты.

Өткен маусымда Максим Мухаметов «Номад» сапында өнер көрсетті. Қазақстан тұрақты чемпионатында 37 ойында айдынға шығып, 39 ұпай (19+20) жинады, плей-оффтағы 17 матчта өз еншісіне 20 ұпай жазды.