Бибісара Асаубаева Гран-При кезеңінде экс әлем чемпионын жеңіп кетті
Басқа
Қазақстандық шахмат шебері Бибісара Асаубаева Никосияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-При кезеңіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Жарыстың 7-турында қазақ шахматшысы қара фигуралармен ойнап, экс әлем чемпионы швейцариялық Александра Костенюкті жеңіп кетті.
Бұл жеңіс Биьәсара Асаубаеваның 3 ұпай олжалап, турнирлік кестеде сегізінші орынға жайғасуына мүмкіндік берді.
8-турда отандасымыз грузиялық Белла Хотинашвилиге қарсы ақ фигуралармен ойнайды.