Кака Қазақстан құрамасын жаттықтыруды жалғастырады

Кака Қазақстан құрамасын жаттықтыруды жалғастырады
Басқа

Футзалдан “Қайрат” клубының экс бас бапкері Кака Қазақстан ұшттық құрамасын жаттықтыруды жалғастыра бермек, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап. 

Паулу Рикардо Фигейра Силва 2018 жылдан “Қайрат” пен Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкері қызметін атқарып келген. Биыл клубпен бірге Чемпиондар лигасы жеңе алмаған Кака командадан кеткен.

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Какамен бірге 2021 жылғы әлем чемпионатында 4-орын алып, 2022 жылғы Еуропа біріншілігінде ширек финалға дейін жеткен. 

Еске салайық, биыл Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионаты элиталық іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді. Оның жеребесі 8 маусым күні тартылып, командалар 5 топқа бөлінеді. Әр топтан үздік шыққан командалар фтналдық кезеңге тікелей жолдама алады.