Нысана көздеу: Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатында қола жүлде еншіледі

Нысана көздеу: Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатында қола жүлде еншіледі
Басқа

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Каирде өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші жүлдесін олжалады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл жолы медальді ерлер құрамасы еншіледі. Отандастарымыз 25 метрге тапаншамен ату бойынша командалық жарыста үшінші орын алды. Жүлдегерлер қатарында Никита Чирюкин, Кирилл Федькин және Артемий Кабаков бар.

Бірінші орынды Оңтүстік Корея иеленсе, Қытай екінші орынға тұрақтады. Айта кетейік, бұған дейін әлем чемпионатында 50 метрге мылтықпен үш қалыптан ату бойынша командалық жарыста Александра Ле, Арина Малиновская және Елизавета Безрукова үшінші орын алған еді.