Софья Берульцева бастаған каратешілер Рабатта табысты өнер көрсетті
Басқа
12-14 мамыр күндері Марокко астанасы Рабатта каратеден халықаралық рейтингілік турнир өтті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Karate 1 Premier League - Rabat 2023 турнирінде Қазақстан намысын 18 спортшы қорғады. Олардың арасынан Софья Берульцева (68+ келі), Әсел Қанай (61 келі) мен Мөлдір Жаңбырбай (50 келі) күміс жүлдегер атанса, Дидар Әмірәли (67 келі) мен Абылай Толтай (84+ келі) қола медальға ие болды.
Айта кетейік, бұл турнирге әлемдік рейтингтің үздік отыздығына кіретін спортшылар ғана қатыса алады. Ал жалпы жарыста 56 елдің 377 спортшысы бақ сынады.