300 мың доллар. Жәнібек Әлімханұлы гонорарының нақты мөлшері белгілі болды

300 мың доллар. Жәнібек Әлімханұлы гонорарының нақты мөлшері белгілі болды
Бокс

Америкалық журналист Дэн Рафаэль WBO тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының ертең, 14 мамыр күні өткізетін жекпе-жегі үшін алатын нақты гонорар мөлшерін атады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Калифорния атлетикалық комиссиясының (CSAC) мәліметінше, Жәнібек Әлімханұлы Стивен Батлерге қарсы өткізетін жекпе-жегі үшін 300 мың доллар алады (134,5 млн теңге).

Еске салайық, бұл жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлы өзінің чемпиондық атағын екінші мәрте қорғайды.