Дзюдо: бесінші жарыс күнінде Доха татамиіне кімдер шығады

Дзюдо: бесінші жарыс күнінде Доха татамиіне кімдер шығады
Дзюдо

Бүгін дзюдодан Дохада өтіп жатқан әлем біріншілігінің бесінші жарыс күні өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Әйелдер арасында 78 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғайтын Аруна Жангельдина словениялық Метка Лобникпен шеберлік байқасады.

Ал Қазақстан ерлер құрамасы сапынан 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Нұрлыхан Шархан шығып, кубалық Листер Кардонамен сынға түседі.

Жаһан біріншілігі бесінші жарыс күнінің іріктек сайыстары Астана уақытымен 14:30-да басталады, оны Qazsport телеарнасы эфирінен көруге болады.