Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын қорғаса, қанша табыс табады

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын қорғаса, қанша табыс табады
Бокс

Америкалық журналист Дэн Рафаэль қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы канадалық Стивен Батлермен өткізген жекпе-жегі үшін қанша табыс табатынын айтты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

“Батлердің мұндай көп пайда табуы мүмкін емес. Калифорния штаты комиссиясынан гонорарларын білемін. Жәнібек чемпион ретінде 500 мың доллар табыс табатын болар”, - деп жазды журналист әлеуметтік желіде. 

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлының Стивен Батлерге қарсы өткізер жекпе-жегі 13 мамыр күні Стоктонда (АҚШ, Калифорния) өтеді. Qazaq Style кәсіпқой бокстағы мансабында жеңіліссіз келеді. 13 жекпе-жектің сегізін отандасымыз уақытынан бұрын аяқтап, жеңімпаз атанды.