Екі дзюдошымыз Доха татамиіндегі жарысын бастайды
Дзюдо
Дзюдодан Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатынвң төртінші жарыс күнінде екі спортшымыз жарыс жолына шығады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Әйелдер арасында 63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Эсмигул Куюлова ресейлік Камила Бадуровамен шеберлік байқасады.
Ал ерлер құрамасынан Абылайхан Жұбаназар (81 келі) Португалия өкілі Жоао Фернандомен сынға түседі.
Әлем біріншілігінің іріктеу сындар Астана уақытымен 13:30-да басталып, оның тікелей эфирін Qazsport телеарнасы тікелей эфирінен көруге болады.