“Тұран” қатарынан екінші рет Қазақстан чемпионы атанды
Баскетбол
Баскетболдан әйелдер клубтары арасындағы Ұлттық лиганың финалдық кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Плей-оффтың финалдық сериясында астаналық “Tigers” клубымен кезедскен түркістандық “Тұран” 3:0 есебімен (69:45, 66:28, 55:38) жеңіп, қатарынан екінші рет ел чемпионы атанды.
ХХХІ Қазақстан чемпионатының қола жүлдесі шешуші кезеңде ақтаулық “Каспийді” жеңген “Ақтөбеге” бұйырды.
Айта кетейік, түркістандық клуб маусымда да, плей-оффта да бірде-бір рет жеңіліс таппай, чемпион атанды.