Кирилл Панюков “Ақ Барспен” келісімшартын ұзартады

Кирилл Панюков “Ақ Барспен” келісімшартын ұзартады
Хоккей

Қазақстан ұлттық құрамасвнвң шабуылшысы Кирилл Панюков “Ақ Барспен” келісімшартын екі жылға ұзартады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Өткен маусымда 25 жастағы хоккецші ҚХЛ тұрақты маусымында 44 ойынға қатысып, 11 (6+5) ұпай еншілеген. Ал плей-оффтың 24 матчында 4 (3+1) нәтижелі ұпайды өз есебіне жазған. 

Панюков қазандық клуб сапында Гагарин Кубогының финалисі атанды.