Жансай Смағұлов және тағы екі дзюдошымыз жарыс жолына шығады

Жансай Смағұлов және тағы екі дзюдошымыз жарыс жолына шығады
Дзюдо

Дзюдодан Дохада өтіп жатқан әлем біріншілігінің үшінші жарыс күнінде үш спортшымыз сайысқа түседі, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Әйелдер арасында 57 келіде өнер көрсететін Бақыт Құсақбаева бірінші айналымда жаңа зеландиялық Гона Кристимен шеберлік байқасады. 

Ерлер арасында 73 келіде бақ сынайтын қос дзюдошымыз ел намысын қорғайды. Жансай Смағұлов ресейлік Махмадбек Махмадбековпен, ал Данияр Шамшаев түркиялық Умальт Демирельмен сынға түседі.

Үшінші жарыс күнінің іріктеу белдесулері Астана уақытымен 13:30-да, ал финал 21:00-де басталады. Барлық жекпе-жекті Qazsport арнасының тікелей эфирінен көруге болады.