Екі қазақ гимнасшысы Португалияда төрт медаль жеңіп алды
Басқа
Көркем гимнастикадан Португалияда өткен Әлем кубогы кезеңінде ел қоржынына төрт медаль түсті, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Эльжана Таниева доппен орындаған жаттығуы үшін төрешілерден 32.500 ұпай алып, Әлем Кубогы кезеңінің чемпионы атанды. Дәл осы допеен жаттығудың финалында тағы бір отандасымыз Айбота Ертайқызы өнер көрсетіп, ол 31.650 ұпаймен екінші орынға ие болды.
Сондай-ақ, Эльжана Таниева таспамен жаттығуда қола жүлдеге қол жеткізсе, Айбота Ертайқызы шығыршықпен жаттығуда 30.000 ұпай жинап, үздік үштікке енді.
Осылайша, Португалиядағы бәсекеде спортшыларымыз бір алтын, бір күміс және екі қола жүлде жеңіп алды.