"Бір күн ұйықтай алмадық": Әлихан Өмірбеков "Номадтың" чемпиондық атаққа жету жолы туралы айтты
Хоккей
Биыл хоккейден Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңі тартысқа толы болды. Әсріесе, команданың көп бөлігі жастардан құралған “Номад” есте қаларлықтай өнер көрсетті. Ғалым Мамбетәлиев жаттықтыратын ұжым маусым басынан бастап көшбасшы командалардың біріне айнала білді. Сөйтіп, плей-оффта алдымен “Арланды”, екінші кезеңде екі дүркін Қазақстан чемпионы “Сарыарқаны”, ал финалда тәжірибелі ойыншылардан жасақталған "Хумоны" жеңді.
- Жас болғанымыздың арқасында. Жаттығуымыз, дайныдығымыз бәрі жоғары деңгейде болды. Жаздан бастап өте қарқынды дайындық жұмыстарын жүргіздік. Жеңіске жетуіміздің бар сыры осында деп ойлаймын.
- Ал чемпион болғаннан кейін неше күн ұйықтай алмадыңдар?
- Бір күн ұйықтай алмадық. Одан кейні ұлтытқ құрамадағы оқу-жаттығу жиындары басталып кетті.
- "Хумоға" қарсы серияда жеңіске жететіндеріңе іштей сенімділік болды ма? Плей-оффта финалға дейінгі қарсыластарың ("Арлан", "Сарыарқа" - ред.) да мықты болды ғой.
- Жаңа жылдың алдында "Сарыарқамен" екі кездесу өткіздік және екеуінде де жеңіске жеттік. Сол кезден бастап өзімізге деген сеніміміз арта түсті. Сөйтіп, плей-оффта кез келген команданы жеңе алатынымызға сене бастадық.