“Ақ Барс” Кирилл Панюковке квалификациялық ұсыныс жасады

“Ақ Барс” Кирилл Панюковке квалификациялық ұсыныс жасады
Хоккей

Қазандық “Ақ Барс” қазақ хоккейшісң Кирилл Панюковке квалификациялық ұсыныс жасады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Форвард 31 мамырға дейін қазандық клубтың ұсынысына келісе не ҚХЛ өзге командасының ұсынысын қабылдай алады. 

Өткен маусымда Кирилл Панюков тұрақты маусымның 44 ойынында 11 (6+5), ал плей-оффтың 24 матчында 4 (3+1) ұпай еншілеген.

Еске сала кетейік, Кирилл  Гагарин Кубогы финалында алған жарақатына байланысты Ригада (Латвия) өтетін әлем біріншілігінде Қазақстан ұлттық құрамасына көмектесе алмайды.