Кирилл Панюков әлем чемпионатына қатыспайды

Кирилл Панюков әлем чемпионатына қатыспайды
Хоккей

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Кирилл Панюков топ-дивизиондағы әлем чемпионатына қатыспайды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

“Ақ Барс” форварды Гагарин Кубогя финалының алтыншы матчында аяғынан жарақат алған, сол себептен әлем чемпионатына қатыса алмайды. 

Айта кетейік, Кирилл Панюков тұрақты маусымның 44 ойынында 11 (6+5), ал плей-оффтың 24 матчында 4 (3+1) ұпай жинаған. Ал элиталық дивизиондағы әлем чемпионаты 12-28 мамыр аралығында Рига (Латвия) мен Тампере (Финляндия) қалаларында өтеді.