Қазақстан құрамасы Олимпиада жолдамасын кімдермен сарапқа салады

Баскетбол
Баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу сынындағы қарсыластарын білді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Құрама командамыз Париждегі Олимпиада ойындарының іріктеу кезеңінде В тобында өнер көрсетіп, жолдаманы Сирия, Сауд Арабиясы және Индонезия командаларымен сарапқа салады.
Іріктеу турнирі 12-20 тамыз аралығында өтеді деп жоспарланып отыр.