“Ақ Барс” Кирилл Панюковке жаңа келісімшарт ұсынбайды

“Ақ Барс” Кирилл Панюковке жаңа келісімшарт ұсынбайды
Хоккей

Қазақстан ұлттық ққрамасының шабуылшысы Кирилл Панюков мансабын қазандық “Ақ Барс” құрамында жалғастырмауы мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

”Бизнес Online” басылымының жазуынша, қазандық клуб форвардқа жаңа келісімшарт ұсынбайды.

Еске салайық, 25 жастағы шабуылшы осы маусымда 44 ойынға қатысып, 11 (6+5) ұпай еншілеген. Сонымен қатар, мансабында тұңғыш рет Гагарин Кубогы финалында өнер көрсетті. Жалпы, плей-офф кезеңіндегі 24 ойынында 4 (3+1) ұпай олжалады. Кирилл Панюков соңғы екі маусымда Татарстан астанасы клубының намысын қорғаған.