Жеңіл атлетика: Азия чемпионатында жастарымыз үшінші орынға ие болды

Жеңіл атлетика: Азия чемпионатында жастарымыз үшінші орынға ие болды

Ташкентте 18 жасқа дейінгі қыздар мен жігіттер арасында жеңіл атлетикадан V Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Төрт жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы медальдық есепте үшінші орын алды. 27-30 сәуір аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен сары құрлық біріншілігінде 29 елден 300-ге жуық спортшы бақ сынаса, Қазақстаннан 36 спорт түрінен 58 саңлақ жарыс жолағына шықты.

Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшылары 3 алтын, 6 күміс және 5 қол медаль жеңіп алды.

Алтын медаль: Анастасия Колода (400 метрге кедергілерме жүгіру), Сенинг Иван (онсайыс), Конищева Ирина (жетісайыс).

Күміс медаль: Екатерина Палуба (400 метрге кедергілермен жүгіру), Кабирова Эльмира (сырықпен секіру), Софья Киденко (400 метр), Малюгина Арина (биіктікке секіру), Болатбекқызы Аяна (1500 метр), әйелдер эстафеталық құрама командасы.

Қола медаль: Нұрдәулет Маман (найза лақтыру), Якименко Елизавета (үш қарғып секіру!, Григорьева Богдана (3000 метр), Балабин Максим (сырықпен секіру), Мұхаметқали Реза (сырықпен секіру).