“Қайрат” қақпашысы алғаш рет әке атанды

“Қайрат” қақпашысы алғаш рет әке атанды
Басқа

Футзалдан алматылық “Қайрат” клубының қақпашысы Нарун Серіков алғаш рет әке атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

“Қайрат” АФК ұжымы Нарун мен оның жұьайя Эльдананы өмірлеріндегі қуанышты оқиғамен шын жүректен құттықтайды! Жас ата-ана мен жаңа туған сәбиге зор денсаулық, бақыт, ұзақ өмір тілейміз. Аман-есен ер жетіп, елінің айтулы азаматы болсын!”, - деп жазылған клубтың құттықтау хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін, 28 сәуірде “Қайрат” Қазастан чемпионаты плей-офф кезеңі жартылай финалы аясында “Атырауға” қарсы үшіншә матчын өткізеді. Екі матчтан кейінгі есеп алматылық клуб пайдасына - 2:0.