Димаш Құдайберген шахматтан әлем чемпионы атағын үшін матчты бастап берді

Димаш Құдайберген шахматтан әлем чемпионы атағын үшін матчты бастап берді

Елордада шахматтан әлем чемпионы атағы үшін ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Динь Лижэнь арасындағы матчтың 12-партиясы өтіп жатыр.

Бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып bassport.kz хабарлайды. Аталған партияны әлемге белгілі әнші Димаш Құдайберген символикалық жүріс жасап бастап берді.

Осындай іс-шараға шақырғанына өте қуаныштымын. Шетелден келген қонақтарға «қош келдіңіздер!» деп айтамын. Өзім шахмат ойнай қоймаймын. Бірақ бұл мен үшін үлкен мәртебе болды, - деді Димаш Құдайберген.

Еске салайық, 9 сәуірде аталған қос спортшы арасындағы матчты Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті Аркадий Дворкович пен Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов бастап берген болатын.