Бибісара Асаубаева әлем шахматының астанасын атады
Блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Астананы әлемдік шахмат астаналарының қатарына жатқызуға болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды bassport.kz.
Белгілі бір деңгейде Астананы қазір шахмат астанасы деп айтуға болады. Мұнда шахматтан айтулы іс-шаралар, сондай-ақ әлем біріншілігіне арналған матч өтеді, - деді ол «Матч ТВ» тілшісіне берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, бұл күндері Қазақстан астанасында ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэн арасында классикалық шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матч өтіп жатыр.