Тағы бір хоккейші әлем чемпионатына қатысу үшін Ресей азаматтығынан бас тартты
Хоккей
Тағы бір хоккейші Ресей азаматтығынан бас тартып, Рига (Латвия) мен Тампереде (Финляндия) өтетін әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғауға дайындалып жатыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Шайба.kz жазуынша, қорғаушы Эмиль Нургалиев Қазақстан ұлттық құрамасымен бірге әлем чемпионатына оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде.
27 жастағы қорғаушы Қарағанды облысының Абай қаласында туған, бірақ бала кезінде отбасымен Ресейге көшіп кеткен.