2004 жылы туған хоккейші ұлттық құрамаға шақырту алды
Хоккей
Астанада хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы элиталық двиизиондағы әлем чемпионатына дайындалып жатыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
2004 жылы туған "Номад" шабуылшысы Алдияр Нұрлан ұлттық құрамаға шақырту алды. Одан бөлек, биыл Қазақстан чемпионы атанған команда сапынан Әлихан Өмірбеков, Станислав Александров, Олег Бойко сынды форвардтар мен қорғаушы Артем Королев құрама командамен жаттығып жатыр.
Еске салайық, хоккейден элиталық дивизиондағы әлем чемпионаты 12-28 мамыр аралығында Рига (Латвия) мен Тампереде (Финляндия) өтіп, Қазақстан құрама командасы В тобында өнер көрсетеді.