Қазақтың шахматшы қызы әлемдік рейтинг көшбасшысын жеңіп кетті

Қазақтың шахматшы қызы әлемдік рейтинг көшбасшысын жеңіп кетті
Басқа

Астанада шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы мен әлем командасының арасында жарыс өтіп жатыр, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Жарыстык бірінші матчында қазақ қызы Бибісара Асаубаева ФИДЕ рейтингінің көшбасшысы, төрт дүркін әлем чемпионы қытайлық Хоу Ифаньді жеңіп, сенсация жасады.

Айта кетейік, Бибісара Асаубаева 2021 жылы шахмат тарихында блицтен әлем чемпионы атанған ең жас спортшы атанып, Гиннесс рекордтар кітабына енгег. Ал 2022 жылы Алматыда өткен әлем біріншілігінде ол осы атағын сәтті қорғап, блицтен екі дүркін әлем чемпионы атанды.