Валерий Орехов ұлттық құрама сапына қосылды
Хоккей
Қорғаушы Валерий Орехов Қазақстан ұлттық құрамасымен әлем чемпионатына дайындықты бастады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
23 жастағы қорғаушы биылғы маусымды магниторскілік “Металлург” сапында бастап, 14 ойында ұпай еншілей алған жоқ. Одан кейін “Адмирал” сапына ауысып, 36 матчта 3 (2+1) өз есебіне жазды.
Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы 10 сәуірден бастап “Барыс-Аренада” Рига (Латвия) мен Тампереде (Финляндия) өтетін әлем чемпионатына дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.