“Манчестер Сити” Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

“Манчестер Сити” Чемпиондар лигасында рекорд орнатты
Футбол

Чемпиондар лигасы ширек финалының алғашқы матчында “Баварияны” өз алаңында 3:0 есебімен жеңген “Манчестер Сити” ағылшындық клубтар арасында жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

“Манчестер Сити” осымен қатарынан 25 матч бойы өз алаңында өткізген Чемпиондар лигасы матчтарында жеңіліс таппай келеді. 

Екі команданың қарымта матчы 19 сәуір күні Мюнхенде өтеді.