"Металлургке" жаңа бас бапкер тағайындалды
Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін магнитогорскілік "Металлургке" жаңа бас бапкер тағайындалды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Маманмен жасалған келісімшарт екі жылға шақталған.
Андрей Разин бапкерлік мансабын 2012 жылы Саратаовтың "Кристалл" командасында бастаған. Одан кейін "Ижстальдің" бас бапкері қызметін атқарып, 2014-2015 жылдар маусымында Жоғары хоккей лигасының күміс жүлдегері атанды. Андрей Разин, сонымен қатар, "Автомобилист", "Югра", "Адмирал" және "Северсталь" сынды командаларды жаттықтырды. Осылардың арасынан ең үзідк нәтижеге "Северстальмен" бірге қол жеткізді. Осы маусымда "Северсталь" Гагарин кубоыг бірінші кезеңінде ЦСКА-мен ойнап, жетінші матчта жеңіліс тапты.
Еске салайқы, 3 сәуір күні Илья Воробьев магнитогорскілік команданың бас бапкері қызметінен кеткен болатын. Биылғы плей-оффтың екінші айналымында Илья Воробьев шәкірттері "Авангардтан" серияда 0:4 есебімен жеңіліп, маусымды аяқтаған болатын.