Саматәлі Төлтаев төрт жылға бокстан шеттетілуі мүмкін
Бұған дейін бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Саматәлі Төлтаев тыйым салынған затты пайдаланды деген күдікке ілінгенін хабарлағанбыз.
Енді Саматәлі төрт жылға бокстан шеттетілуі мүмкін деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Bassport.kz тілшісі. Қазақстандық бокс федерациясының мәліметінше, 60 келіде сынға түсетін боксшысының алғашқы допинг сынамасы оң нәтижеге берген. Екінші сынама қашан алынатыны белгісіз.
Бүгінде осы іске қатысты тексеріс жұмыстарын Халықаралық допингке қарсы агенттік (WADA) жүргізіп жатыр.