Саматәлі Төлтаев допинг қабылдады деген күдікке ілінді

Саматәлі Төлтаев допинг қабылдады деген күдікке ілінді
Бокс

 Бокстан Қазақстан құрама командасының мүшесі Саматәлі Төлтаев тыйым салынған затты пайдаланды деген күдікке ілінді деп хабарлайды Bassport.kz тілшісі.

Қазақстандық бокс федерациясының мәліметінше 60 келіде сынға түсетін боксшысының алғашқы допинг сынамасы оң нәтижеге берген. Екінші сынама қашан алынатыны белгісіз.

Бүгінде осы іске қатысты тексеріс жұмыстарын Халықаралық допингке қарсы агенттік (WADA) жүргізіп жатыр.