Қазақстандық шаңғышы қыздар Олимпиаданың соңғы жарысын қандай нәтижемен аяқтады
Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі
Қазақстан құрамасы Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарындағы жарыс жолын аяқтады. Ұлттық құрама үшін соңғы сын әйелдер арасындағы 50 шақырымдық классикалық әдіспен масс-старт болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл жарыста Қазақстан намысын Надежда Степашкина мен Анна Мельник қорғады. Надежда Степашкина 31-орында мәреге жетті. Ал Анна Мельник көшбасшы спортшының айналып өтуіне байланысты жарысты аяқтай алмады.
Жарыста швециялық Эбба Андерссон жеңіске жетті. Норвегиялық Хейди Венг күміс жүлдеге ие болды. Швейцариялық Надя Келин қола медаль еншіледі.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарындағы жарыс бағдарламасын толық аяқтады.