Әбілхан Аманқұл шарша алаңға қашан шығады

Әбілхан Аманқұл шарша алаңға қашан шығады

Suleimen Promotions компаниясының баспасөз қызметі жеңілмеген қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұлдың (2-0, 2 КО) кәсіби рингтегі келесі жекпе-жегі туралы ресми түрде хабарлады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Аманқұл өзінің үшінші жекпе-жегін 15 сәуірде Помонада (Калифорния, АҚШ) өткізеді. Екінші орта салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа есептелген. Ал Әбілханның қарсыласы – мексикалық Даниэль Эчеверриа (21-11, 18 КО).

Естеріңізге сала кетейік, былтыр қазан айында өткен айқасында Аманқұл екінші раундта мексикалық боксшы Йеассон Пачеконы (6-1, 3 КО) нокаутқа жіберді.