Ресми: Бек Нұрмағанбеттің шаршы алаңға қашан шығатыны анықталды

Ресми: Бек Нұрмағанбеттің шаршы алаңға қашан шығатыны анықталды

Suleimen Promotions промоутерлік компаниясы Бек Нұрмағанбеттің алдағы жекпе-жегінің уақытын хабарлады, деп жазады BasSport.kz. Нұрмағанбет – кәсіби бокста жеңіліссіз келе жатқан былғары қолғап шеберлерінің бірі. Карьерасында сегіз рет жеңіске жетсе, соның алтауында қарсыластарын нокаутпен ұтқан. Ал әуесқой бокста 2019 жылы Азия чемпионы атанды.

«Suleimen Promotions боксшысы Бек Нұрмағанбет 15 сәуір күні АҚШ-тың Калифорния штатындағы Помона қаласында сегіз раундтық жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы венесуэлалық Хеберт Рондон (20-3, 13 КО) болмақ», – делінген Suleimen Promotions таратқан мәліметте.

Нұрмағанбет шаршы алаңға бұған дейін өткен жылдың қазан айында Мексикада шығып, жергілікті Лусиано Араухоны (7-6-3, 3 КО) техникалық нокаутпен жеңген.