Жалғас Жұмағұловқа жаңа қарсылас табылды

Жалғас Жұмағұловқа жаңа қарсылас табылды
Жекпе-жек

UFC-де өнер көрсететін қазақ спортшысы Жалғас Жұмағұловқа жаңа қарсылас табылды. Кеше америкалық Нэйт Мэнесс жарақатына байланысты UFC 288 турниріне  қатысудан бас тартқан болатын, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Бірдан басқа қарсылас тауып берді. Ол да сол күндері жекпе-жек өткізуі керек болған. Оның да қарсылас жарысқа қатыспайтынын мәлімдеді, сөйтіп екеумі бір-бірімізбен кездесетін болдық. Бірақ бұл спортшының атын әзірге айтуға болмайды", - деді Жалғас Жұмағұлов деп жазады Legalbet.kz.