Елена Рыбакина наурыз айының үздік теннисшісі атануы мүмкін

Елена Рыбакина наурыз айының үздік теннисшісі атануы мүмкін
Теннис

Қазақ теннисшісі Елена Рыбакина наурыз айының үздік теннисшісі атануы мүмкін, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Теннис туралы танымал Relevant Tennis парақшасы өзінің Twitter аккаунтында ашық дауыс беруді бастады. Өткен айдың үздік теннисшісі атағына үміткерлер қатарында румыниялық Сорана Кырстя, отандасымыз Елена Рыбакина, белорусиялық Арина Соболенко мен чехиялық Петра Квитова бар.

Еске салайық, Елена Рыбакина наурыз айында табысты өнер көрсетті. Әлемнің жетінші ракеткасы қатарынан 13 матчта жеңіліс таппай, Индиан-Уэлссте чемпион атанып, Майамидегі жарыстың финалисі атанды.